KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, Ю
520.91 544.25 5.29

ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Фото: stan.kz

5.01.2024, 09:13 333 Ләззат Қанатқызы

«Қазгидромет» РМК 5 қаңтар, яғни бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің айтуынша, еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болады.

- Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Шығыстан, солтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыс орталығындағы желдің екпіні - 15-20 м/с. Өскеменде күндіз қар жауып, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с, - делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу