KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
488.26 530.54 5.03

ШҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды

фото: techinsider

21.12.2023, 23:25 154 Оразай Жеңісұлы

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

22 желтоқсанда Қазақстан аумағы үшін синоптикалық жағдайдың және қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамы бойынша республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронтал бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстанда тұман, көктайғақ, екпінді жел, солтүстікте қар жауады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қалың қар жауады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында қарлы боран соғады. Оңтүстік-шығыстан, батыстан оңтүстіктен, солтүстіктен, облыс орталығында жел соғады 15-20, екпіні секундына 23 метр. Өскеменде бұрқасын күтіледі, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив