ШҚО-да алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com
"Қазгидромет" синоптиктері 18 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей аймақтарда бұршақ жаууы да мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Солтүстікте, оңтүстікте, облыс орталығында екпіні секундына 23 метрге жететін жел соғады.
- Ауа температурасы түнде 13-18 градус аралығында, күндіз 25-28 градус ыстық болады. Облыс орталығында да көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жаууы мүмкін, - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз