KZ
Өскемен
-20°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
509.75 594.67 6.46

ШҚО-да бүгін тағы да үсік жүреді

24.08.2022, 10:18 332

«Қазгидромет» РМК 24 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Солтүстік батыс антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта солтүстікте, шығыста орталықта тұман түседі.

-        Түнде еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік сақталады, - дейді синоптиктер.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Атырау облысының шығысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу