Өскеменде мүгедек жанның балдағын тартып алған тұрғын 5 миллион теңге төлеуі мүмкін
![](/kz/engine/skins/images/noimage.jpg)
Өскеменде мүмкіндігі шектеулі жанның қолындағы балдағын тартып алып қашқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жәбірленуші полицияға арызданған соң, тәртіп сақшылары істің ізін суытпай қылмыскерді қолға түсірген.
– Қазір ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Қылмыскер бұған дейін де бірнеше рет сотты болған. Қазір оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, – деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Демек, істі болған азаматқа аталмыш бап бойынша 2000 АЕК, яғни кемінде 5 миллион теңгеге мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін. Немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жегіледі. Сондай-ақ төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не бас бостандығынан айыру жазасына қарастырылған бұл бапта.