KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Алматыдан келген есірткі тасымалдаушы ұсталды – Өскемен

22.12.2022, 11:30 273 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласындағы Барнауыл көшесінен есірткі тасымалдаған Алматы қаласының тұрғыны ұсталды.

27 жастағы күдіктіні тексеру барысында ақ түсті ұнтақталған зат бар 45 кішкене орамалар тәркіленген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҰ арнайы мақсаттағы бөлімшесімен және "Сергек" АБК инспекторымен бірлесіп, Барнауыл көшесінде курьер қойып кетушіні ұстады. Аумақ учаскесін тексеру барысында тәртіп сақшылары лентамен оралған ораманы тапты, оның ішінде ақ түсті ұнтақталған зат бар 45 кішкене орамалар болған, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, күдіктінің уақытша тұрып жатқан үйіне тінту жүргізу кезінде психотроптық заттарды орауға арналған заттар табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес бумалардың ішіндегі зат жалпы салмағы 23 грамнан асатын "Альфа-pvp" психотроптық заты екені белгілі болды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив