Өскеменде есірткі сатқан алматылық жігіт ұсталды

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық зат таратушыны ұстады.
Күдікті 27 жастағы алматылық жігіт болып шықты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тәртіп сақшылары ұнтақ заты бар 45 орама тәркіледі. Одан кейін күдіктінің уақытша тұрып жатқан үйін тінтіп, психотроптық заттарды орауға арналған құрал-жабдық тапты.
Сараптама қорытындысына тәркіленген заттың 23 грамнан асатын «Альфа-pvp» психотроптық заты екенін көрсетті.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Оқи отырыңыз