Үйінде марихуана сақтаған тұрғын ұсталды – ШҚО
Үйінде 200 граммнан астам марихуана сақтаған Алтай ауданының тұрғыны ұсталды.
Алтай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу барысында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен 57 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Күдіктінің үйіне тінту жүргізу кезінде тәртіп сақшылары түбі кесілген бөтелкені, қағаз пакет пен өсімдік тектес ерекше иісі бар жасыл түсті зат салынған полиэтилен пакетті тауып, тәркілеген.
- Сараптама нәтижесі бойынша, тәркіленген заттар кептірілген марихуана екені анықталды. Қаскөйге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ер адам екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту , не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жазаға кесілуі мүмкін, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз