ШҚО-да ұзақ уақыт мал ұрлаумен айналысқан азамат ұсталды
Фото: шартты сурет
Аймақ полицейлері облыс прокуратурасымен өзара бірлескен іс-қимыл аясында мал ұрлаумен айналысқан азаматты ұстады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының аумағында ұзақ уақыт мал ұрлаумен айналысқан жергілікті тұрғынды құрықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тексеру жүргізу барысында осы азаматтың Ұлан ауданының аумағында 2023 жылы жасалған мал ұрлығының 3 фактісіне қатысы бар екендігі анықталды.
Ұрланған малдың жалпы саны – 33 бас.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерінің жедел қабылдаған шараларының нәтижесінде ұрланған мал Алматы облысындағы мал базарларының бірінен алынып, жәбірленушіге қайтарылды. Материалдық залал толығымен өтелді.
Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Ұлан аудандық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.