ШҚО-да мал ұрлығымен айналысқан азамат ұсталды. 5 жылға дейін сотталуы мүмкін
Шығыс Қазақстанда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде мал ұрлығымен айналысқан азамат анықталып, ұсталды. Ол жұмыссыз 43 жастағы Табағатай ауданының тұрғыны болып шықты.
Ұсталған азаматтың 2020 жылдың қазан айында ұрлық жасағаны белгілі болды. Күдікті Қарасу ауылдық округінің «Манақбай» учаскесінен Қарасу ауылындағы шаруа қожалықтарының біріне тиесілі 2 бас ірі қара малды еркін жайылымнан ұрлаған. Келтірілген шығын 400 мың теңгені құрады.
- Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Күдіктінің қорасынан тек бір бас ірі қара мал табылды. Ұрланған жануар иесіне қайтарылды, -деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Айта кетейік, күдікті 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.