Семейде зейнеткер-сутенер притон ұстағаны үшін сотталды
Фото: Polisia.kz
Семейде притон ұстаған зейнеткер-сутенер сотталды.
Семей қаласының пробация қызметіне 62 жастағы әйел есепке алынды. Ол қаланың сауналарының бірінде притон ұйымдастырған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Зейнеткерге интим саласында қызмет көрсетуді ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.
62 жастағы әйел әкімші болып жұмыс істеген саунаға К. есімді азамат клиент ретінде келіп, сотталған А. есімді әйелден интимдік қызмет алу мүмкіндігінің бар-жоғын сұраған. Оған әйел осы саунаның ішінде орналасқан бөлмеде интимдік қызмет көрсететін Б. есімді “жұмысшымен” кездесу ұйымдастырған. Олар сағатына 15 мың теңге сомасына келіседі. Сауна әкімшілігі “жұмысшыға” көрсеткен қызметтері үшін 3 мың теңге төлеген.
Қызметті алғаннан және төлегеннен кейін К. есімді клиент “102” арнасына қоңырау шалып, хабарлады.
Зейнеткер-сутенер ҚР ҚК-нің 309-бабының 1-бөліміне сәйкес (жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сот үкімімен екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ҚР ҚК-нің 63-бабының негізінде пробациялық бақылау белгіленіп, жаза шартты деп саналды.