KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 1 м/с, ОШ
467.29 501.03 5.35

Өз балаларына 500 мың теңге қарызы бар борышкер-ана анықталды

16.11.2021, 13:18 203

Қазан айында Алтай ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесіне Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұратын үш кәмелетке толмаған баланы күту үшін бір жылдан астам уақыт бойы алимент төлемегендіктен, 500 000 теңгеден астам қарызы жиналған 43 жастағы әйелді іздестіру туралы жеке сот орындаушысының ұйғарымы келіп түсті.

- Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері 5 күн ішінде алиментті қасақана төлеуден жалтарған азаматшаның тұрғылықты мекенжайын анықтаған. Одан әрі ақшалай қаражатты өндіріп алумен сот орындаушылары айналысуда, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан полицейлері 300-ден астам алимент төлемеген адамды анықтады.

Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБК 669-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК 139-бабы) көзделгенін ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив