ШҚО тұрғыны жоқ су құбырын тартуға 5 миллион теңге инвестициялаған
Фото: smartik.ru
ШҚО-да алаяқтық жасады деген күдікпен 42 жастағы ер адам ұсталды.
Ол танысын су құбырының құрылысына 5 миллион теңге салуға көндіріп, кейін өзі иемденіп алған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Келтірілген шығын 5 миллион теңгеден асты. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы күдіктіні ұстаған. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған оқиғаға байланысты қазір жедел-тергеу іс-шаралары басталды.
Оқи отырыңыз