Жүргізуші құқығынан айырылған ер адам мас күйде көлік тізгіндеген – ШҚО
Бұрын жүргізуші куәлігінен айырылып, мас күйде көлік тізгіндеген Самар ауданының тұрғыны ұсталды.
Тәртіп сақшылары аудан көшелерін патрульдеу кезінде 38 жастағы жүргізушінің басқаруындағы "Мазда 626" маркалы көлік құралын тоқтатқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сараптама нәтижесіне сәйкес, ер адамда масаң болудың жеңіл дәрежесі анықталған. Сонымен қатар ол ағымдағы жылдың қыркүйек айында сот шешімімен жүргізуші куәлігінен 7 жыл мерзімге айырылғаны белгілі болды.
Сот қылмыскерге қатысты бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі айыппұл, сол мөлшердегі түзеу жұмыстары, бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазаларының нақты біреуін айқындайды.