Шығысқазақстандық тұрғыннан марихуана мен гашиш тәркіленді
Фото: m.ru24.net
Шығысқазақстандық тұрғыннан14 полиэтилен пакеті мен өсімдік тектес заттар тәркіленді.
Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде санкцияланған тінту барысында 38 жастағы жергілікті тұрғыннан 14 полиэтилен пакеті мен өсімдік тектес заттар салынған қағаз бумасы және ішінде қара-қоңыр түсті заты бар полиэтилен пакетке оралған литрлік банка тәркіленді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттарының салмағы 348,96 грамм гашиш және салмағы 861,12 грамм марихуана екені анықталды.
Оқи отырыңыз