KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
486.44 534.31 5.06

Глубокое тұрғынынан 20 килограмнан астам есірткі тәркіленді

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

4.08.2023, 15:16 275

20 шілдеде Глубокое ПБ-ға «Қарасора» ЖПІШ өткізу барысында ШҚО ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Глубокое ПБ КПБ қызметкерлері және ПД ОЖВ арнайы бөлімшесімен бірлесіп «Өскемен – Риддер» автожолында 1986 жылы туған ер адам басқарған «Лада приора» маркалы автокөлігін тоқтатқаны туралы жедел ақпарат келіп түскен.

Тінту барысында көліктің жүк салғышынан ақ түсті полиэтилен пакеті табылды. Оның ішінде спецификалық иісті өсімдік тектес заты бар 20 полиэтилен бума тәркіленді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат – жалпы салмағы 1943,75 грамм болатын «кептірілген марихуана» екені анықталған.

Сонымен қатар жүргізушіге тиесілі гаражды тінту кезінде өсімдік тектес заттың қалдықтары бар пластик ыдыстар, полимерлі және полиэтиленді қапшықтар, спецификалық иісті өсімдік тектес заттары бар сыйымдылығы 40 литр болатын 2 фляга табылды және тәркіленді.

ШҚО ПД дерегінше, сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат – жалпы салмағы 20 512,05 грамм (20 килограмнан астам) «кептірілген марихуана» болып шыққан.

Жауап алу кезінде ұсталған азамат бәрін толық мойындады. Оған қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив