Гашиш жасырған Аягөз тұрғыны ұсталды
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында Аягөз қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде 36 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «Toyota» автокөлігі тоқтатылды. Тінту барысында оған киілген күртешенің қалтасынан полиэтилен пакетке оралған, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.
- Сараптама қорытындысына сәйкес зат жалпы салмағы 367,72 грамм «Гашиш» есірткі заты болып табылады.
Ұсталған азамат есірткі затын жеке пайдалану үшін сақтағанын айтты, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 296-бабының 2-бөлігі – «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санциясымен 40 тәулікке дейін қама алу көзделген.