KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО тұрғыны 7 тоннадан астам балықты заңсыз тасымалдаған

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

12.09.2023, 10:48 528 Ләззат Қанатқызы

Шығысқазақстандық тұрғын құны 50 миллион теңгені құрайтын 7 тоннадан астам балықты заңсыз тасымалдаған.
Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Омбы - Майқапшағай тасжолын патрульдеу барысында облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны тізгіндеген "Камазды" тоқтатты, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

-    Көлікті тексеру барысында ер адамның балық толтырылған 280-нен астам полиэтилен пакетті құжатсыз тасымалдағаны анықталды. Жүргізушінің айтуынша, ол жүкті Өскеменге ауылдардың бірінен тасымалдаған көрінеді. Күдіктінің салмағы 7 тоннадан асатын көксерке балысын заңсыз тасымалдағаны анықталды. Келтірілген шығын көлемі 50 миллион теңгені құрады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық  кодексінің 335-бабы 4-бөлігі бойынша (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу