KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

ШҚО тұрғыны 280 келі балықты заңсыз аулаған

21.04.2019, 08:10 290

Күршім ауданында 280 келі сазан балығын заңсыз аулаған тұрғын ұсталды. Ауланған балықтың құны 655 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

18 сәуір күні Өскемен-Самар тас жолында «Жигули» көлігімен балық тасымалдап бара жатқан 27 жастағы Күршім ауданының тұрғыны ұсталды. Оның қолында мұндай көлемдегі балықты аулауға рұқсат ететін ешқандай құжаты болмаған.

Айта кетсек, аймақта 16 сәуірден бастап "Нерест-2019" жедел-алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Үш күн ішінде облыс көлемінде 100 рейд жүргізіліп, заңсыз балық аулау бойынша 92 заң бұзу фактісі тіркеліп, бір сотқа дейінгі амалдары басталды.

Заңсыз балық аулаушыларды анықтау бойынша шаралар 31 мамырға дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу