KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
523.86 544.34 5.11

ШҚО-да эвакуатор жүргізушісі 2 жылға сотталды

4.06.2021, 12:16 124

Биыл 19 наурызда Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен «Toyota Dyna» маркалы эвакуатордың 62 жастағы жүргізушісіне қатысты айыптау үкімі шықты.

Ол 2020 жылғы 10 қазанда сағат 18:00 шамасында Өскемен қаласындағы Жеңіс даңғылы бойымен «Бәйтерек» айналма жолы жағынан Әуезов даңғылы жағына қарай келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 51 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті, ол оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.

- Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК- нің 345-бабы 3-бөлігі Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Эвакуатор жүргізушісінің кінәсі толығымен дәлелденіп, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Кінәлі адам 2 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылып, көлік құралдарын басқару құқығынан 4 жылға айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу