Көкпектіде жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кетті
11 сәуір күні сағат 20:00 шамасында Көкпекті ауданындағы «Көкпекті-Васильев өткелі» автожолында жол-көлік оқиғасы болды.
35 жастағы автокөлік жүргізушісі мас күйінде жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан ізін суытқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 20 жастағы жаяу жүргінші ауыр дене жарақатынан аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 1 - бөлігі 3-бөлігі бойынша-көлік құралдарын жүргізуші адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан масаң күйде жол жүрісі қағидаларын бұзуы және ҚР ҚК-нің 347-бабы бойынша жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Полиция қызметкерлерін қабылдаған шаралармен автомобиль жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, «күзетпен ұстау» шарасы қолданылды.
- Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.