Өскеменде 72 жастағы зейнеткерді алдап кетті
Үлбі полиция бөліміне 72 жастағы зейнеткер жүгінді. Ол бейтаныс жігіттің пәтеріне еніп, қоңырау шалып алайын деген сылтауымен ұялы телефонын алдап сұрап алып, кейін қашып кеткенін айтты. Шығын 15 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 43 жастағы күдіктіні анықтап, жеткізді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз