KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, З
494.87 520.65 4.91

"Коммуналды қызметтенмін" деп алдап, тұрғындардың пәтеріне кіріп алған - Өскемен

7.04.2021, 11:22 118

Өскемен қаласы Үлбі полиция бөліміне 86 жастағы зейнеткер хабарласып, белгісіз ер адамның пәтеріне келіп, өзін «Өскемен жылу жүйелері» АҚ қызметкері ретінде таныстырып, ыстық судың пломбасын ауыстырамын деген сылтаумен оның қаражатын алып, алдап кеткенін айтып, шағымданды.

Дәл сол күні тағы бір 79 жастағы зейнеткер осындай өтінішпен жүгінді, онда белгісіз тұлға оның зейнетақы жинағын алып кеткен.

- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Өскемен қ. ПБ криминалдық полиция қызметкерлері патрульдік полиция взводымен бірлесіп «Сергек» АБК бейнебақылау камерасының көмегімен ізін суытпай жас ер адамды анықтап жеткізді. Ол тергеу іс-әрекеттері барысында, ер адам 1986 ж.т. Алматы облысының тұрғыны екенін анықталды. Келтірілген шығын көлемі анықталуда, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. 

Ұсталған ер адам Өскемен қ. ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, ШҚО Полиция департаменті бейтаныс, соның ішінде өзін әртүрлі әлеуметтік (коммуналдық) қызметтердің қызметкерімін деп таныстыратын адамдарға пәтердің (үйдің) есік ашпауға кеңес береді. Қандай жағдай болса да, әлеуметтік (коммуналды) қызметкерлерінен құжаттарын көрсетуін талап еткен жөн. Көршілерді шақыру, тиісті мекемелерге қоңырау шалып олардың өз қызметкерін жіберген-жібермегенін, аты-жөнін сұрау немесе «102» телефонына келген «келушілер» туралы хабарлау артық болмайды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу