KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 1,5 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Кәмелетке толмаған баланың телефонын ломбардқа өткізген - Өскемен

30.10.2021, 10:53 191

Глубокое ауданының 18 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған танысын пайдаланып, оған шұғыл ақша керек екенін айтып, сендіріп телефонын ломбардқа тапсырған.

Үлбі полиция бөлімінің кезекші бөліміне 47 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны шағымданған. Ер адамның айтуынша, бейтаныс қыз оның кәмелетке толмаған баласын алдаған. Алаяқ қыз ұлының сеніміне кіріп, оның құны 400 мың теңге тұратын ұялы телефонын өткізіп жіберген.

"Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Глубокое ауданының 18 жастағы тұрғынын ұстаған. Белгілі болғандай, қыз жасөспірімнен ұялы телефонын ломбардқа тапсыруды және бір аптадан кейін оны сатып алып беретінін айтып сендірген. Жігіт көмектесуге шешім қабылдаған", - деді Өскемен қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Орал Рыспев.

Күдікті қыз ломбардқа телефонды салып, ақшасын алып, қашып кеткен. Түскен қаржыны жеке қажеттілігіне жұмсап үлгерген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, Осы баптың санкциялары мүлкін тәркілей отырып, бір мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салудан екі жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді.

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу