Шиномонтаждан жазғы дөңгелектерді ұрлап кетті - Өскемен
Жақында Өскемен қ. ПБ «102» жедел арнасына 35 жастағы ТЖО-ның қызметкері шиномонтаж пунктінен біреу 4 дана титан дискілері бар автомобильдің жазғы дөңгелектер жиынтығын ұрлап кеткенін хабарлады. Материалдық шығын 52 мың теңгені құрайды.
- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 30 жастағы қала тұрғынын анықтап,полиция бөліміне жеткізді. Ол өзінің кінәсін мойындады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188- бабы 1- бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Оқи отырыңыз