Тағы да броконьерлер. "Багажниктен" еліктің еті табылды - Зайсан
Бірнеше күн бұрын Зайсан ауданындағы «Омбы-Майқапшағай» тасжолында кетіп бара жатқан«Шевролет Нива» автокөлігін жол бойында полиция қызметкерлері тоқтатқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ШҚО ПД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тексеру барысында Боран ауылының 47 жастағы тұрғыны мен Зайсан қаласының 43 жастағы тұрғынының басқаруындағы көліктің жүксалғышынан жалпы салмағы 37 килограмм құрайтын 2 еліктің еті және осы азаматтардың біріне тиесілі 16 калибрлі екі ұңғысы бар мылтық тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.