KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Автокөліктен еліктің еті табылды - Алтай

19.02.2021, 15:06 121

"Өскемен – Рахман қайнары" тас жолында ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының 4 взводы полиция қызметкерлері Серебрянск қаласының 35 жастағы тұрғынының басқаруындағы "УАЗ" автокөлігін тоқтатқанда, оның жүксалғышынан тиісті құжаттарсыз бір қап ет және екі жұп тау шаңғысын тапқан.

- Жүргізуші үйге бара жатқанын және бұл еттің еліктің еті екенін, сондай-ақ жануардың етін өзі бөлшектегенін айтқан. Жүргізушінің күртешесінің сол жақ қалтасынан суық қару (пышақ) тәрізді зат табылған. Сонымен қатар көлікте 1976 және 2000 жылы туған тағы екі ер адам болған. Жолаушылардың Серебрянск және Алтай қалаларында тұратыны анықталды, - деді ШҚО ПБ бастығы Сағат Мадиев.

Жүргізуші мен жолаушылар одан әрі тексеру үшін Бұқтырма қаласының полиция бөліміне жеткізіліп, ҚР ҚК-нің 337-бабы 3-бөлігі бойынша (заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеу басталды

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив