KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 1 м/с, С
504.49 587.73 6.57

Өскемен тұрғыны пекинес тұқымды итті ұрлап кеткен

23.04.2021, 12:22 1 509

Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына қалалық ЖШС бірінің 35 жастағы қызметкері жүгінді. Ол 10:40 шамасында қоршаудан белгісіз адам оған тиесілі пекинес тұқымды 2 жасар итін ұрлап кеткенін хабарлады. Шығын 80 мың теңгені құрады.

-  Жедел - іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері «ізін суытпай» ұрлыққа қатысы бар адамды анықтап жеткізді. Тергеу барысында ол 66 жастағы әйел екені анықталды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу