KZ
Өскемен
-14°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

ШҚО-дағы мейрамханалардың бірін тонап кетті

24.02.2021, 10:05 170

Ақпан айының басында Глубокое ауданы ПБ-нің «102» жедел арнасына 54 жастағы ер адам белгісіз адамдардың демалыс базасының аумағында орналасқан мейрамханалардың біріне пластикалық есік арқылы кіріп, спирттік ішімдіктерді, шырындар мен азық-түліктерді ұрлап кеткенін айтып жүгінген. Осылайша, жалпы сомасы 100 000 теңгеге материалдық шығын келтірген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері кінәсін мойындаған Өскемен қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтап, жеткізді. Барлық ұрланған сусындар мен тағамдар мейрамханаға қайтарылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу