ШҚО: Қай аудандарда су тасқыны қаупі басым?
Облыс бойынша Глубокое және Алтай аудандарында су тасқыны қаупі басым екені анықталды.
ТЖД 1 ақпаннан бастап өңірде жоғары дайындық режімін жариялаған болатын. Осыған байланысты аймақ басшысы Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен өткен кеңес барысында су тасқыны болуы мүмкін барлық елді мекендерді тексеру керектігін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы ШҚО-да қалың қар жауып, көктемде бірнеше елді мекен мен қалаларды су басқан болатын. Ал, биыл қар жамылғысы 2018 салыстырғанда жоғары екені белгілі болды.
Қазіргі күні су тасқыны қаупі басым негізгі аудандар анықталған. Ол тізімде Глубокое және Алтай аудандары көш бастап тұрған көрінеді.
Ал, синоптиктер биыл ақпан айында күн райы жылы және тағы да қалың қар жауады деп болжап отыр.