KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 1 м/с, В
443.35 475.54 4.82

Этномәдени бірлестіктер гуманитарлық көмек ұсынды – Абай облысы

Фото: Абай облысы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

14.06.2023, 11:10 197

8-13 маусым аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері, Абай облысындағы Достық үйлерінің қызметкерлері, түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен белсенділер өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жұмыла әрекет еткен.

Осы уақытқа дейін олар 900 мың теңгеден астам қаржы жинаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қажетті заттар мен бұйымдарды жинаған жанашыр азаматтар, еріктілер мен бірлестік өкілдеріне әкімдік қолдау танытып, тиісті жерге жеткізуге жәрдемдескен. Дәлірек айтқанда, Талица мен Қаштақтағы өрт сөндірушілерге азық-түлік жеткізілген көрінеді.

Зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсеткен бірлестіктер қатарында «Эйкос» ЖШС қаржылық қолдауына жүгінген «Сібір казактары қауымы» қоғамдық ұйымы, Православие шіркеуі, Семейдегі украин мәдени орталығы бар.

Шешен және ингуш халқының «Вайнах» қауымдастығы эвакуацияланған тұрғындарға қазақтың дәстүрлі тағамдарын жеткізді. Сонымен қатар «Возрождение» немістер қауымдастығы, «Буюк Келажак» өзбек әлеуметтік-мәдени орталығы, Семей казактарының этномәдени орталығы, «Бокер» еврей мәдени орталығы, Бесқарағай ҚХА-ның «Еріктілер қозғалысы» сынды түрлі этномәдени бірлестіктердің еріктілері де белсенді атсалысты.

            

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив