KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 1,1 м/с, В
440.9 475.95 4.82

Бородулиха ауданына гуманитарлық көмек көрсетілді

Фото: smi24.kz

12.06.2023, 15:25 173 Ләззат Қанатқызы

Өртпен белсенді түрде күрес жүргізіліп жатқан Бородулиха-Жерновка мен Озерки-Талица аумақтарына гуманитарлық көмек көрсетілді.

Гуманитарлық көмекті жинауға мемлекеттік органдар мен партия ұйымдары ғана емес, кәсіпорындар, жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар, мәслихат депутаттары, Достық үйі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де атсалысқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Олар өрттен зардап шеккендерге азық-түлік, дәрі-дәрмек сияқты ең бірінші қажет заттарды жөнелтіп жатыр.

Тек соңғы тәулікте 1,5 тонна ауызсу, 400 келі қой еті, құс еті, 600 келі көкөніс (картоп, пияз, сәбіз), 100 литрден астам май берілді. Шаруа қожалықтарының басшылары азық-түлік жеткізу үшін екі көлік бөлді.

Сондай-ақ алапат өртті ауыздықтау үшін күн сайын 80-ге жуық жергілікті ерікті мен Семей, Өскемен және Астана қалаларынан 100-ден астам адам көмектесіп жатыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив