KZ
Өскемен
+10°
проливной дождь жел 3 м/с, СШ
442.05 474.14 4.74

Қызылордалық жолаушылар қалаішілік автобустарда электронды кітапхананы пайдалана алады

Фото: egemen.kz

27.06.2023, 09:46 172

Қызылордада қалаішілік автобустарда жолаушылар электронды кітапхана қызметін пайдалана алады.

«Қызылорда» автобус паркі» ЖШС қаланың қоғамдық көліктерінде алғаш рет жылжымалы электронды кітапханаларын іске қосты, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жоба «KitapAl» кітап дүкенімен бірлесе отырып халықтың көркем әдебиетті оқуға баулу мақсатында қолға алынды.

Электронды кітапхана серіктестікке қарасты қоғамдық көліктерінде орнатылған. Кітап оқу үшін жолаушылардың смартфондары ғаламтор желісіне қосулы болса болғаны. Сол арқылы QR кодтары бойынша кітап оқу мүмкіндігін пайдалана алады.

Мұнда қазақ, шетелдік классиктердін шығармалары және психологиялық, тұлғалық даму бағытындағы кітаптар жолаушылар үшін қолжетімді.

Жолаушылар Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар», Д.Қонаевтың «Ақиқаттан аттауға болмайды», М.Мақатаевтын «Өмір-өзен», Л.Кинның «Как разговаривать с кем угодно, когда угодно и где угодно», П.Уоллейстің «Интернет психологиясы», П.Коэльоның «Алхимик», Д.Кехоның «Түйсігіңмен ойла», «Мың бір түн» шығармаларын оқи алады.

Алдағы уақытта кітаптар тізбесі жаңартылып отырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив