KZ
Өскемен
-2°
снегопад жел 2 м/с, Ю
519.61 610.13 6.54

Риддерге австриялық инвесторлар тау шаңғысы курортын салмақ

Фото: azattyq-ruhy.kz

10.07.2023, 15:08 324 Ләззат Қанатқызы

Риддерде Азиядағы ең үлкен және әлемдік стандарттарға сәйкес келетін тау шаңғысы курорты салынбақ.

Осы аптада Риддер қаласына австриялық дизайнер-мамандар келетіні белгілі болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Анатау» деп аталатын демалыс орны 740 метр биіктіктегі «Проходной белок» тауында орналасады.

– Тау шаңғысы курортында әртүрлі деңгейдегі шаңғы трассалары мен "Могул" бағыты бойынша спортшыларды даярлауға арналған жолдар болады. Шамамен, 2-3 ай ішінде біз жоба бойынша жұмыстарды аяқтаймыз деп ойлаймын, – деді Риддер қаласы әкімінің м.а. Дархан Қосантаев.

Курорт Шығыс Қазақстандағы қысқы туризмді дамытудағы маңызды кезең болмақ. Құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланған.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу