KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 1 м/с, С
523.17 550.06 4.93

Самар ауданының мәдени күндерінде маршруттық автобус ұйымдастырылады

Фото: z-taraz.kz

27.10.2023, 12:10 198

Өскемен қаласында «Туған жер – алтын бесігім» жобасының аясында  Самар ауданының мәдени күндері өтеді.

28 қазан күні облыс орталығында жәрмеңке мен түрлі мәдени және спорттық шаралар жоспарланған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сенбілік жәрмеңке 07.00-ден 12.00-ге дейін «ТНП» сауда орталығының алаңында өтеді. Алаңда киіз үй тігіліп, ауданда тұрып жатқан ұлттардың тағамдары мен салт-дәстүрі көрсетілмек.

Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары үшін қол күрес, қой, ұн және бал көтеру сайысы ұйымдастырылады.

Ал, сағат 10.00-де Самар ауданы әкімінің жүлдесі үшін ерлер арасында волейболдан ашық турнир өтеді.

Айта кету керек, жәрмеңке өтетін жер мен спорт кешені аялдамасына дейін маршруттық шағын автобус ұйымдастырылып отыр.

Кешкісін 17.00-де «Ертіс концерт» залында өзге ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарының, кітаптардың көрмесі, фотоаймақ, шеберлік сағаты жоспарланған.

Мәдени күннің қорытындысы ретінде сағат 17.30-да аудан өнерпаздарының гала-концерті өтетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу