KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Өскеменде Самар ауданының мәдени күні өтеді



25.10.2023, 19:10 321 0

28 қазан күні Өскемен қаласында Самар ауданының мәдени күні өтеді. Аудандардың мәдени күндері «Туған жер — алтын бесігім» жобасының аясында ұйымдастырылып жатыр.

Осы күні Өскеменде жәрмеңке, спорттық ойындар, концерт ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Мәдени күн «ТНП» сауда орталығының алаңында өтетін ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкемен басталады. Алаңға киіз үй тігіп, онда ауданда тұрып жатқан ұлттардың тағамдары қойылып, салт-ләстүрі көрсетіледі. Сонымен қатар, қол күрес, қой, ұн және бал көтеру сайысы ұйымдастырылып, тегін палау, шай мен бауырсақ таратылады. Шара Сатбаев көшесі 39 мекендайында өтеді. Басталуы – 7.00-де.

Кейін сағат 10.00-ден бастап «Жекпе-жек сарайында» ерлер арасында аудан әкімінің жүлдесі ойнатылатын волейбол турниріне қатысуға болады.

Ал кешкі 17.00-де «Ертіс концерт» залында аудан өнерпаздарының концерті басталады. Одан өзге ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарының, кітаптардың көрмесі, фотоаймақ, шеберлік сағаты жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив