KZ
Өскемен
-11°
туман жел 1 м/с, С
495.28 518.41 5.44

Глубокое ауданы: 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы биыл аяқталады

Шартты сурет

31.03.2023, 12:21 290 Ләззат Қанатқызы

Глубокое ауданында салынып жатқан 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы биыл аяқталады.

Бұл туралы Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Ағымдағы жылы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу, қайта жөндеуден өткізу мен 30 ауылдық елді мекенде орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, - деді аудан әкімі.

Жалпы аудан бойынша ағымдағы жылы 57 жобаны іске асыруға 2,2 млрд. теңгеден астам қаражат жоспарланған.

Сондай-ақ, аудан әкімі биыл көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жаңа 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталатынын да атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу