KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Тарбағатай ауданында биыл 6 медициналық пункт салынады

18.04.2023, 16:14 255 Ләззат Қанатқызы

Тарбағатай ауданында биыл 6 медициналық пункттің құрылысы жоспарланған.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес Тарбағатай ауданы бойынша жаңадан 9 медициналық пункт құрылысы жоспарланған, оның 6-уы биыл жүзеге асырылмақ, – деп атап өтті аудан әкімі.

Сондай-ақ Құйған және Тәуке ауылдарындағы медициналық пункттерді күрделі жөндеуге 170,0 млн теңге қаржы бөлінген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл медицинасының ахуалын жақсарту жөнінде тапсырма берген болатын.

– Мен келесі жылдан бастап еліміздің ауыл тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталған ұлттық жобаны іске асыруды бастау туралы шешім қабылдадым. Екі жыл ішінде бүгінде медициналық мекемелері жоқ 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толық жарақтандырылады. Осылайша, мемлекет миллионнан аса азаматтың алғашқы медициналық-сани­тарлық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз етеді, – деді Президент Жолдауында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу