Глубокое ауданында жылу қазандығы істен шықты
Фото: egemen.kz
Глубоке ауданындағы жылу қазандықтарының бірінен ақау шығып, өз жұмысын тоқтатты.
Оқиға орнындағы жағдай қазір аудан әкімінің бақылауында. Облыс әкімі де өз назарына алып, жағдайды қалпына келтіру үшін барлық қажетті ресурстарды жұмылдыруды тапсырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Жауын-шашынның мол мөлшерде жауғанына және адам факторымен байланысты қазандық бункеріне қатты отын беру кезінде ылғалды көмір тиелгенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта бункер ылғалды көмірден тазартылды, құрғақ көмір тиелуде, - делінген аудан әкімдігінің мәліметінде.
Түске таман жұмыстар аяқталып, қазандық штаттық режимде жұмысын жалғастырмақ.
Оқи отырыңыз