Риддерде 4 қазандық жұмыс істеп тұр – ШҚО әкімі
Риддер жылу электр орталығында жұмыс жалғысып жатыр, қазір ЖЭО инфрақұрылымын қалпына келтіру аяқталуда.
ШҚО әкімі Даниал Ахметов жағдай толықтай жеке бақылауында екенін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Багер сорғысы екі рет су астына батып, сорғылар апатты жағдайда қалған болатын. Қазір жағдай түзелген, енді жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалу керек. Өкінішке орай, тек 4 қазандық жұмыс істейді, екі қазандық агрегаты әлі де жөнделуде.
- Қазір тек төрт қазандық жұмыс істейді - үшеуі орташа және біреуі жоғары қысыммен. Екі қазандық агрегаты жөнделуде, №4 қазандықта іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде, 25 қарашада ол толық іске қосу режиміне өтеді. № 5 қазандық толығымен тексеріліп, қажетті жабдықтармен жабдықталған және 5 желтоқсанда жылыту жүйесіне қосылады, - дейді аймақ басшысы.
Айта кету керек, апатқа дейін станцияда қажетті 75 жұмысшының 29-ы жұмыс істеген.
- Қызметкерлер жұмысқа қабылданып, жинақталды. Сондай-ақ, ЖЭО-да 130 адам тұрақты жұмыс істейді, олардың арасында Өскемен қаласының мамандары да бар. Барлық туындаған ақаулар тез арада жойылады. Көмір жеткізу жолға қойылған, - дейді облыс әкімі.
Оқи отырыңыз