Күршімдік әскерилер баспаналы болды
Тәуелсіздік қарсаңынжа Күршім ауданындағы 31 әскери қызметкерге баспана кілті табысталды.
ҚР Қарулы күштері Әуе қорғаныс Күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері құрамыдағы 31767 «В» әскери бөлімідегі әскери қызметкерлер баспаналы болды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Аталмыщ әскери бөлім Күршім ауылында 1958 жылы құрылған. Алғашында жеке радиолокациялық рота болып құрылған әскери бөлім бүгінде жеке радиотехникалық батальонға айналды.
1972 жылы әскери бөлімге қарасты офицерлер үйі салынған. Алайда ғимарат ескіріп, ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмегендіктен ҚР Қарулы Күштері әлеуметтік көмек ретінде ескі ғимаратты қалыпа келтіріп, толықтай жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді.
Бұл әлеуметтік жоба бірінші кезекте әскерилердің аналары мен әйелдерінің жағдайын жасау мақсатында қолға алынған.
Айта кету керек, офицерлер үйіндегі пәтерлердің кілтін табыстау салтанатты шара түрінде өтті.