KZ
Өскемен
-10°
туман Штиль
501.79 595.07 6.56

Риддерде бір жылда 93 өрт оқиғасы болған

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

5.01.2024, 16:28 314 Ләззат Қанатқызы

Өткен 2023 жылы Риддер қаласында өрт оқиғасының саны артқан. 2022 жылы қалада 75 жағдай тіркелсе, 2023 жылы олардың саны 93-ке артты.

Сондай-ақ тілсіз жау салдарынан 6 адам көз жұмған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Мереке күндері құтқарушылар мен өрт сөндірушілер күшейтілген режимге ауыстырылған. Жаңа жылдың алғашқы күндері-ақ Риддердегі Громатуха шатқалында өрт оқиғасы тіркеліп үлгерді. 3 қаңтар күні сағат 19:36 шамасында монша өртенген. Оқиға орнына жедел түрде жеткен құтқарушылар моншаның толығымен өртке оранғанын анықтаған.

- Сол күні сағат 20:43-те Вокзальная көшесінде бір өрт оқиғасы тіркелген. Онда 75 шаршы метр аумақта үй-жайдың ағаш конструкциялары өртенген. Абырой болғанда зардап шеккендер болған жоқ. Тек азаматтардың жеке мүлкі отқа оранып, материалдық шығынға ұшырады, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу