KZ
Өскемен
+27°
переменная облачность жел 6 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

«Монша жағамын» деп, қорасын өртеп алды - ШҚО

2.06.2020, 09:10 44

ШҚО Риддер қаласының тұрғыны монша жағамын деп, абайсызда өрт қорасын шарпыды, – деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, демалыс күндері өңір бойынша 11 өрт оқиғасы тіркелген.

«Риддерде пешті дұрыс пайдаланбау салдарынан моншада өрт шыққан. Тілсіз жау сол маңайдағы тұрғын үй мен қораға жайылып кетті. Өрт сөндірушілер келіп жеткенше малын құтқаруға ұмтылған үй иесінің аяғын күйік шалған. Ол тек 2 сиырды сыртқа алып шығып үлгерді. Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 106 шаршы метрге жайылған қызыл жалынды бір жарым сағатта ауыздықтады», – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив