KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Глубокое ауданының екі ауылына еріген қар суы жайылды

3.04.2019, 06:58 419

 

Глубокое және Прогресс ауылдарының бас көшелеріне еріген қар суы жайылды. Қтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында, су басу қауіпі сейіліп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жол бойындағы арықтар еріген қар суына төтеп бере алмай қалған екен. Жергілікті төтенше жағдай қызметкерлері аудандық әкімдікпен бірлесе отырып, су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізді. Жолға инертті материалдар төселіп, кейбір жерлерде су сорып алынған.

Екі ауылдың жолына шамамен екі мың қап төселіп отыр. Қазір су басу қауіпі сейілді. Дегенмен, ТЖ қызметкерлері тәулік бойы бақылау жасауда.

 

  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу