Күршімде еріген қар суы жолды шайып кетті (Видео)
Кеше түнде Күршім-Ақсуат жолының Кенжебай учаскесінде еріген қар суы жолды шайып кетті.
Биыл Күршім өңірінде қар қалың жауған. Көктем шыға күн күрт жылынып, жауын-шашын көбейді. Ауа райының бұлайша құбылуынан тасқын судан болар қауіпті күшейтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазір қырдан төмен аққан топан судың ағынын бұрып, бір арнаға бағыттау үшін көлік жолына екі су өткізетін құбыр орнатылып жатыр.
Аталған жұмысқа Күршім №5 жол жөндеу учаскесінің 4 техникасы жұмылдырылған. Жағдайды жергілікті атқарушы билік пен төтенше жағдайлар қызметі тікелей бақылауына алды.
Оқи отырыңыз
Күршімде өзен суы дамбыдан асып кетті«Өскемен – Зырян – Рахман қайнарлары» жол учаскелерін су шайып кету қаупі төніп тұрҚар әлі еріген жоқ. Күршім, Алтай, Глубокое, Катонқарағай және РиддерШығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Қалбатау» тас жолының бойында су өткізетін құбырдың жолды шайып кету қаупі төндіҚарғын судан келер қауіптің алдын алып жатыр – Күршім