Күршімнің 7 ауылында дамбы салынып жатыр (видео)
ШҚО-да су тасқыны жағдайы тұрақты. Десе де, жергілікті атқарушы орган өкілдері босаңсымау керектігін айтып отыр. Себебі кейбір елдімекендерде су басу қаупі әлі де сейілмей тұр.
Мәселен, Күршім ауданында 7 ауылды су басу қаупі бар. Бүгінде онда қарғын судың алдын алу үшін қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аудан әкімі Алмат Ақышевтің айтуыша, дайындық жұмыстары ерте басталған. Қазір 7 учаскеде биіктігі 3,5-4 метр болатын дамбы салынып жатыр.
Ауданда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Жағдай жергілікті биліктің бақылауында. Тұрғындар үшін төсек-орын жабдықтарымен және басқа да қажетті заттармен жабдықталған эвкуациялық пункттерде дайындалыпты.