Алтай ауданындағы 12 елді мекенде су басу қаупі жоғары
Биыл облыста қар мөлшері көп болғандықтан ақпан айынан бастап су тасқынына жоғары дайындық режимі енгізілген болатын.
Өңірдегі су басу қаупі жоғары аудандардың қатарына Алтай ауданы да кіреді. Қазір аталмыш аудандағы 12 елді мекенде қауіп жоғары, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Алтай ауданы әкімінің орынбасары Сергей Охременко айтып берді.
Су тасқыны қаупі жоғары 12 елді мекенде бүгінде 1700 тұрғын тұрып жатқан көрінеді.
- Аудандағы қар жамылғысының биіктігі бір метрден асады, ал топырақтың қатуы 30 сантиметрді құрайды. Қарғын суға қарсы дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір бізде ауа райы тұрақты. Негізінен қауіп наурыз айының ортасында, күн жылына бастағандай басталады. Десе де, жағдай толықтай бақылауда, - деп атап өтті Сергей Охременко.

Ауданда жауапты мамандар мен жедел қызметтердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылған. ТЖ жағдайына 19 эвакуациялық пункт да дайындалды.
Оқи отырыңыз