KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Тарбағатайлықтар ауызсумен қашан толық қамтылады?

Фото: depositphotos.com

17.06.2024, 12:05 247 Ләззат Қанатқызы

Елімізде халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі жолға қойылып, мақсатты саясат жүргізіліп келе жатқанына көп жылдың жүзі болды. Оның аясында «Ауыз су», «Ақ бұлақ», «Өңірлерді дамыту», «Нұрлы жол» бағдарламалары қолға алынып, халықты сумен жабдықтау деңгейі артып келеді.

Мәселен, Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаевтың айтуынша, 2025 жылы аудан тұрғындарын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отырған көрінеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ағымдағы жылы аудан бойынша су және кәріз жүйесі құрылыстары аясында 9 жоба жүзеге асырылмақ.

- Тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 3 жылдық жоспар жасалған болатын. Нәтижесінде, орталықтандырылған су жүйесін тұрғын үйлерге кіргізу және көше коланкаларын орнату арқылы 2025 жылы аудан тұрғындарын 100 пайыз толық таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. 2023 жылы Құйған және Жаңауыл ауылдарына ауызсу жүйесі желілерін қайта жаңғырту жобаларының  құрылысы басталған болатын. Биыл қалған қаражат игеріліп, жобаны толықтай жүзеге асырмақпыз, - деді Дархан Шомпайұлы.

Сондай-ақ Ақжар ауылындағы кәріз жүйесін қайта жаңғырту жобасын аяқтауға «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 224,1 млн.теңге қаражат  бөліну жоспарланыпты.

- Сарыөлең ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу жүргізуге жергілікті бюджеттен 10,0 млн теңге қаражат бөлінді. Шолақорда, Тауке, Ахметбұлақ ауылдарында су құбыры желілерін салуға да жобалық-сметалық құжаттама әзірленбек. Болашақта Жаңатілеу, Асусай, Шорға және Шеңгелді ауылдарына ауызсу құбыры желісін салуды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті аудан басшысы.
 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу