Өскеменде автобус жүргізушілері жетіспейді
Облыс орталығында қоғамдық көлік мәселесі бірнеше жылдан бері өзекті тақырыпқа айналған. Әсіресе, таңертең және кешкі уақытта автобус күтетін тұрғындар олардың кешігетінін айтып, жиі шағымданады.
Жауапты мамандардың айтуынша, мұндай мәселе қоғамдық көлік жетіспеушілігінен емес, жүргізушілер тапшылығынан болып отырған көрінеді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайтының тілшісі.
- Қалада жүргізушілер құрамы тапшы. Сондықтан да, көлік құралдарын толық көлемде шығара алмай отырмыз, - дейді «Жолаушылар тасымалын басқару орталығы» ЖШС басшысы Нұрсұлтан Кәрібеков.
Ал, "Марат М" ЖШС жүргізушілердің жұмысқа тұрақтамау себебін түсіндірді.
- Көпшілігі жүргізушілердің жалақысы тым аз боландықтан жұмыстан шығып кетеді деп ойлайды. Алайда, ол жалғыз себеп емес. Оған жолаушылардың да әсері бар. Барлығы емес, бірақ кейбір тұрғындар қоғамдық көлікке отырғанда жүргізушіге дөрекі сөйлеп, оларды қорлауға дейін барады, - дейді олар.