KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Олимп шыңын 29 жасында бағындырған спортшы туралы не білеміз?

12.12.2022, 17:35 413 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласының әкімдігі Тәуелсіздік күніне орай ел тарихында ізі қалған, айтулы еңбек сіңірген тұлғалардың тағдырынан сыр шертетін бейнематериалдарды ұсынуда.
Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келген.
🔸1980 жылы ХХІІ Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бірнеше рет Грек-рим күресінен КСРО біріншілігінің жеңімпазы, КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасының жеңімпазы.
🔸1981 жылы әлем чемпионы.
🔸1982 жылы әлем кубогінің күміс жеңімпазы.
🔸1974-1984 жылдар Қазақ КСР мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы.
🔸1984 жылы Красноярск қаласында жалауын көтерген КСРО кубогында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан шығарып салу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
🔸1984-1993 жылдар республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры.
🔸1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры.
Қазақтан шыққан Олимпиада чемпионына әр қазақ төрінен орын берсе, соңынан ерген балуандар батырдың ерлігін қайталау үшін аянып қалар емес.
Грек-рим күресінен 29 жасында Олимп шыңын бағындырған тұңғыш қазақ баласы туралы кезінде Дінмұхамед Қонаев былай депті: «Мен тарихта қалармын, бәлкім қалмаспын. Бірақ бір «жапырақ» болса да ел мен жердің атын шығарған Жақсылықтай жігіттер қазақтың тарихында алтын әріппен жазылатыны сөзсіз».

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив